Жер сағаты: Өскеменде бір сағатқа жарық сөндірілді
Облыс орталығында мәдени және әлеуметтік нысандардың, саябақтардың, аллеялардың және қоғамдық демалыс орындарының жарығы сөндірілді.
Дүниежүзілік экологиялық акцияға Қазақстан биыл 15 рет қатысып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен елімізде 2009 жылдан бері "Жер сағаты" дүниежүзілік экологиялық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның басты мақсаты - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалануға жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарауға назар аудару.
Айта кетелік, 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан акцияға әлемнің 190-нан астам елі қатысады.
Ынтымақ Толқын