KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

«Абай» шаңырағының оқушылары акцияға қатысты

23.09.2020, 08:38 105

Семейлік зияткерлер «Дүниежүзілік тазалық күніне» орайластырылған сенбілікке қатысып, отыз қаптан артық қоқыс жинады. Бұл туралы Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Абай» шаңырағының оқушылары «Turn it Green» әлеуметтік жобасын іске асыру барысында қалалық сенбілікке қатысты. Жанашыр жандардың бастамасымен ұйымдастырылған сенбілік «Дүниежүзілік тазалық күніне» арналды.

– Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны сақтау мен қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру. Бұл біздің оқушылардың қолымен жүзеге асырылып жатқан «Turn it Green» әлеуметтік жобасымен үндес келеді. Біз осы жобамыз арқылы қаламыздың сұлу, көркем табиғатын сақтап қана қоймай, жастар арасында экологиялық қозғалыс идеясын кеңінен таратуды көздейміз. Өйткені, қоршаған ортаға тигізген залал өзімізге кері әсері тиетіндігін әрбір семейлік түсінуі керек. Сол үшін біз шараға қызығушылықпен қатыстық, – дейді «Абай» шаңырағының жетекшісі Анастасия Соболева.

Акцияға қатысқан мектеп оқушылары Ертіс өзеніндегі аспалы көпірдің маңайын тазалап, 30 қаптан артық қоқыс жинады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив