Қазақстан дүниежүзілік экологиялық акцияға қатысады
pixabay.com
Бүгін «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Акцияның мақсаты – планетаның қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарау қажеттілігіне назар аудару, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық ағарту ісі мен тәрбиесін арттыру болып табылады.
Бұл іс-шара 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, оған әлемнің 190-нан астам елі қатысады.
2024 жылы Қазақстан акцияға 15-ші рет қосылады, ол ағымдағы жылдың 23 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-дан 21.30 аралығында өткізіледі.
Осы уақытта көрнекті мәдени және әлеуметтік нысандардың, саябақтардың, аллеялардың, қоғамдық демалыс орындарының жарық шамдары өшіріледі, әртүрлі салалық кәсіпорындар мен шаруашылық серіктестіктер өнеркәсіптік алаңдарда электр қуатын өшіреді, бейжай қарамайтын азаматтар тұрғын үйлерде, кеңселерде және басқа да орындарда жарықты өшіру арқылы акцияға қосылады.