Мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» атты пән енгізіледі
Қазақстанда мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» атты пән енгізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев педагогтармен жүздесу барысында айтты.
Өскемендегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі саналатын №46 білім мекемесіне тоқтаған Үкімет басшысының орынбасары, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керектігін айтты.
– Оқушылардың терең білім ғана емес, эстетикалық тәрбие алуы да өте маңызды. Саналы ұрпақ табиғатты аялай білуі тиіс. Осы мақсатта келесі жылдан бастап мектептерге «Экология сағаты» пәні енгізіледі, – деді Бердібек Сапарбаев.