KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Таза Қазақстан: Аманжолов университетінде сенбілік өтті

11.04.2024, 16:04 408 Ержан Әбіш

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Студенттер үйінде сенбілік іс-шаралары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сенбілік мақсаты – студенттер үйінің ауласын тазалап, студенттерді қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру.

– Жатақханалардың ауласы тұрмыстық қалдықтардан, жапырақтардан тазартылып, ауқымды жұмыс атқарылды. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті! – деп мәлімдейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың баспасөз қызметі.

Студенттер жоспарлы сенбілікке белсенді қатысып, жатақханалар аумағын тазалауға үлестерін қосты.

Фото: С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу