KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
518.31 567.96 6.03

9 сәуірде Өскеменде жалпықалалық сенбілік өтеді

6.04.2022, 10:18 274

9 сәуір күні Өскеменде жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл күні қала аумағын қысқы кезеңнен кейін тазалау, саябақтарды, скверлерді, үй аулаларын, сондай-ақ сауда объектілеріне іргелес аумақтарды және басқа да ұйымдарды тазалау жоспарланып отыр.
Осыған орай, қала әкімдігі студенттерді, кәсіпорын қызметкерлерін, әрбір қала тұрғынын сенбілікке қатысуға шақырады. 

- Барлықтарыңызды  абаттандыру, көгалдандыру және қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша дәстүрлі сенбілікке қатысуға шақырамыз. Ортақ үйімізді таза және әдемі ұстауға үлесімізді қосайық! - деп хабарлайды Өскемен әкімдігінде. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу