KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі балалар Шығыс Қазақстанда тегін демалады

Фото: arhprof.ru

19.04.2024, 10:03 122 Ержан Әбіш

ШҚО-да тасқыннан зардап шеккен өңірлердің балаларына жазда тегін демалыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, тасқыннан зардап шеккен облыстардағы 60-қа жуық бала осы жазда Шығыс Қазақстандағы демалыс лагерьлеріне тегін жолдама алады.

– Арнайы әзірленген бағдарламаның арқасында балалар бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізіп, жағымды әсер алады, көңіл күйлерін көтереді. Маусым алдында қажет болған жағдайда мұғалімдер мен жолбасшылар оқушыларды психологиялық курстардан өткізеді, – дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Оның айтуынша, мүмкіндік болса демалысқа келетін балалардың саны тағы да арттырылады. Балаларға арналған туристік маршруттар жасалып, өлкенің көрікті жерлері көрсетілмек.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 15 лагерь жазғы маусымға дайындалып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив