KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 1 м/с, С
504.44 545.65 5.95

ШҚО-да тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарын қабылдауға дайын

шартты сурет: depositphotos.com

17.04.2024, 10:24 10 138 Ержан Әбіш

ТЖ жөніндегі облыстық штабқа жекеменшік қонақ үйлер, демалыс базалары, шипажайлар иелерінен тасқыннан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарын уақытша қабылдау жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр.

Олар отандастарымызды үйлері қалпына келтіріліп немесе жаңадан салынып жатқан кезде қабылдай тұруға әзір екендіктерін айтып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі PRO VOSTOK Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар үйсіз қалған отбасылардың балаларын жазғы лагерьлер мен демалыс орындарына шақырып отырған кәсіпкерлер де бар.

Шығыс Қазақстан еліміздің басқа өңірлерінен 2,5 мыңға жуық тұрғынды қабылдай алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу