KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО: Жастар әлеуметтік орталықтың айналасын абаттандырды

24.04.2024, 12:43 171 Айна Ескенқызы

«Аманат» партиясы ШҚ облыстық «Жастар қанатының» еріктілері республикалық экологиялық акция аясында Глубокое ауданының Солнечный кентінде орналасқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының айналасын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Өздеріңізге белгілі, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы айналаны көгалдандыруға, ағаш көшеттерін егуге арналады. Осы акцияның алғашқы аптасында өз күшімізбен ауламызды тазартқан едік. Екінші аптасында Бобровка ауылындағы ескерткіштің маңайын қоқыстан тазартуға көмектестік. Ал бүгін  бізге «Аманат» партиясы ШҚ облыстық  филиалының «Жастар қанатының»  отыз шақты еріктісі  көмекке келді. Олар маңайымызды қоқыстардан тазартып, көшеттер отырғызу үшін шұңқырлар қазып жатыр – деді арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Жәнібек Шаянбаев.

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, бұл жерде жалғызілікті, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар жандар, барлығы 120 қарт адам тұрады. Қариялар барлық әлеуметтік және медициналық қызметтермен толық қамтылған. Бос уақыттарында қызығушылықтарына орай әртүрлі шығармашылық үйірмелеріне қатысады, сурет салып, тоқыма тоқиды, денсаулығы жарайтындар еңбек терапиясымен айналысады. 

Еріктілер қатарында  келген Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық гуманитарлық колледжінің студенттері мекеменің айналасын тазалап, қоқыстарды жинастырды. Гүлзарлар мен ағаш көшеттері үшін жер дайындап, шұңқырлар қазды.

– Еліміздің барлық аймақтарында Президентіміздің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыхалықтық акциясы бастау алды. Өткен аптада біз өңіріміздің басқа аудандарында сенбілік ұйымдастырып, бұлақтардың көзін ашсақ, бүгін біз «Өнегелі ұрпақ» бағыты аясында қарттар үйіне келдік. Абаттандыру тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Іс-шараға «Жастар қанатының» еріктілері - Абай атындағы гуманитарлық колледждің отыздан астам  студенті тартылды. Біз тек сенбілік өткізіп қоймай, қарттарымызбен әңгімелесіп, олардың ақылдарын тыңдап, жастарымызды толғапндырған тақырып айналасында әңгіме-дүкен құрмақпыз. Сонымен қатар, қарияларымызды мазалаған сұрақтары, арыз-шағымдары болса, оларды арнайы келген «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшылары  тыңдап, кеңес беруге дайын, – деді Қорлан Туғанбаева «Аманат» партиясы ШҚО филиалы «Жастар қанатының» төрағасы.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Руслан Акматалиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив