KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Өскемендік жастар Тәуелсіздік монументінің маңын тазалады

18.04.2024, 14:35 110 Оразай Жеңісұлы

Ел аумағында жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы өтіп жатыр. Өскемен тұрғындары аталмыш шараға белсене қатысып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, колледж студенттері мен жастар ресурстық орталығының мамандары, ірі кәсіпорындарының жұмысшы жастары, саяси партиялардың белсенді жастары экологиялық акцияның «Киелі мекен» апталығында облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументі мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың маңын тазалады. Шараға 100-ден астам адам қатысты.

– Акция аясында күн сайын сенбіліктер өтуде. Оған жастар белсенді қатысып жатыр. Барлығына алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта  көшет егу жұмыстарына да бір кісідей атсалысатын боламыз, - деді ШҚО волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив