KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Зайсанда егіс алқаптарына су апаратын арналар тазаланды

26.04.2024, 20:00 50 Қызырбек Дүргінбайұлы

Көктемгі су тасқынының алдын алумен бірге егіс алқаптарына су апаратын арналарды ашып, қоқыстан тазартудың да маңызы зор. Осындай мақсатта көптеген егіс алқаптарына су апаратын Зайсандағы «Кәрітоғам» арнасы тазаланды.

Зайсан ауданы әкімдігі мен «Қазсушар» мекемесінің аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қаратал, Сарытерек, Дайыр және Біржан ауылдық округтерін егіндік сумен қамтамасыз ететін «Кәрітоғам» арнасын тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Егіс алқаптарына су апаратын «Кәрітоғам» арнасын тазалау жұмысына 13 мекемеден 200-ге жуық адам қатысты. Сонымен қатар сол жерде 10 техника жұмыс істеп, тоғамның 1,8 шақырым арнасы тазаланды, – дейді Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ауданда қосымша егіс алқаптары сумен қамтылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив