KZ
Өскемен
-4°
снег жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Өскеменде семсерлесуден республикалық турнир өтіп жатыр (видео)

4.05.2024, 16:49 227 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде семсерлесуден және рапирадан Ер Жәнібек Бердәулетұлын еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр. 

Жарысқа әр өңірден келген 250-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл елдік дода әлдеқашан дәстүрлі спорттық іс-шараға айналған. Бұған дейін халықаралық деңгей де өткізілгенін айта кетуіміз керек. 

- Атақты батыр Ер Жәнібекті еске алуға арналған турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен жас спортшылар келді. Осы бәсеке арқылы ел құрамасы жасақталады деуге де болады. Дода осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылуда. Жалпы, жарыс он күнге созылады, - деді Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайында аға жаттықтырушы болып қызмет атқаратын Алексей Пеньков.

Республикалық турнирдегі командалық есепте дәл қазір Алматы көш бастап тұр.

- Осы турнирге үздік шәкірттерді алып келдім. Барлығы да дарынды жастар. Жалпы бұл сайысқа жыл сайын қатысамыз. Жүлдеден де құр алақан емеспіз, - дейді алматылық команданың аға бапкері Аян Бексұлтанов.

Дәстүрлі доданың жеңімпаздарына арнайы сертификаттары мен медальдар табысталады. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу