KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО аудандарының бірінде жолды су шайды

18.05.2024, 11:00 130 Назерке Каримова

Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, таудағы қардың еруінен Күршім өзенінің суы арнасынан  шығып, Үшбұлақ ауылына апаратын жолдың 75 метрдей жерін шайып кетті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Үшбұлақ ауылында 268 адам тұрып жатыр. Қауіпсіздік үшін аталған жол уақытша жабылды.

- Күршім ауданының “Комхоз” коммуналдық мекемесі оқиға орнына өзінің техникаларын жіберді. Жолды қалпына келтіру жұмысы ертең басталады, ал әзірге айналма жол арқылы қатнауға болады, - деп түсіндірді Күршім аудандық әкімдігінен.


Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар әлі де жатыр. Таудағы қардың еруі әдетте маусым айына дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу