Бурабай - Қойтас - Қыстаукүршім, Маралды бағытындағы жол асфальтталады
![](/kz/uploads/posts/2024-03/2.webp)
Фото: kaztag
Биыл Күршім ауданындағы Күршім -Бурабай - Қойтас - Қыстаукүршім, Маралды- Үшбұлақ бағытындағы қиыршық тасты, шаңы шығып, бұрқырап жататын қара жолды асфальттау жұмыстары жалғастырылады.
Осыған дейін жолдың Күршімнен Бурабайға дейінгі 17 шақырымы асфальтталса, биыл осы бағыттағы жолдың 12 шақырымына асфальт төсеуге 700 млн теңге қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл қаржыға биыл Бурабайдың бергі жағынан бастап Қойтас ауылына дейінгі жолдың бір бөлігі асфальтталады. Бұрылыстағы Бурабай ауылына баратын жолға да асфальт төселмек. Жоспар бойынша асфальт Маралды ауылына дейін төселеді.