KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Күршім-Ақсуат жолына тасқын су жайылды

12.04.2024, 13:35 287 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданындағы Қалғұты өзені жауын-шашын салдарынан арнасынан асып, көлік жолына қауіп төндірді.

Сондықтан жергілікті атқарушы орган өкілдері жолды жырып, тасқын су өтетін арна салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл оқиға жолдың 23-ші шақырымында болды.  Аталмыш тас жол Аманат, Жолнұсқау және Ақсуат ауылдарының арасын жалғайды. Бұл елді мекендерде 705 адам тұрады. Қазіргі уақытта тұрғындар айналма жол арқылы өтуде.

Жолды қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдар дайындалып, тасымалданып жатыр. ШҚО әкімінің баспасөз қызметі су деңгейі төмендегеннен кейін жөндеу жұмыстары бірден басталады, деп мәлімдеді.

«Сондай-ақ, Күршім ауданының әкімі, «ОблШығысЖол» ЖШС, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері оқиға орнында жүргенін хабарлаймыз», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу