Күршім ауданының Топтерек ауылына баратын жол қалпына келтірілді (видео)
Бүгін Күршім ауданының Топтерек ауылына апаратын уақытша айналма жолдың құрылысы аяқталып, көліктер жүре бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізде болса, 26 наурыз күні күннің күрт жылынуынан жылдам еріген қар суы Топтерек ауылына 4 шақырым жердегі көпірдің бетон құрылысын шайып кеткен. Соның салдарынан аталған елді мекенмен қатынас үзілген. Жергілікті атқарушы билік дереу айналма жол салу жұмысын бастап кеткен. Тиісті жұмыс аяқталды.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, уақытша жол құрылысына ауданның коммуналдық мекемесінен және басқа да мекемелерден барлығы бес «Камаз» көлігі, екі экскаватор, екі жүк тиегіш техника жұмылдырылған. Айналма жолды салуға шамамен 300-ге жуық «Камаз» қиыршық тас төгілген.
Айта кетейік, Топтерек ауылында барлығы 57 түтін бар, онда 145 адам тұрып жатыр.