KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

ШҚО дәрігерлері шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты

22.05.2024, 14:01 124 Ержан Әбіш

Алматыда өткен «ОнкоРенессанс» халықаралық конференциясына ШҚО Онкология және хирургия орталығының урология, хирургия, сәулелік диагностика, химиотерапия саласындағы тоғыз маманы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Олар онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау, ядролық медицина, сәулелік терапия әдістерін қолдану бойынша білімдерін жетілдірді.

Онкоурология бөлімінің меңгерушісі Асқар Ибраев қуықасты безінің обырын гормондармен емдеу тақырыбында баяндама жасады.

– Конференцияға АҚШ, Түркия, Беларусь, Ресей дәрігерлері қатысты. Онкоурологиялық патологияларды диагностикалау және емдеу тәжірибемізбен бөлістік. Алдағы уақытта жаңа білімімізді қызметімізде пайдаланамыз, – деді Асқар Ибраев.


Фото: ШҚО Онкология және хирургия орталығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив