KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

ШҚО-ның онкологиялық орталығы радиохирургия әдісін кеңінен қолдана бастады

15.04.2024, 20:08 90 Ержан Әбіш

Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бар ШҚО пациенттері үшін хирургиялық емге балама ем алудың бірегей мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол стереотактикалық радиохирургия (гамма-пышақ) және радиотерапия деп аталады.

Бұл жоғары технологиялық әдісті ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының мамандары мидың қатерлі ісігін және сүйек метастарын емдеу үшін қолданады. Бұл онкологиялық орталыққа 2022 жылы сатылып алынған жаңа буынды сызықтық үдеткіштің арқасында мүмкін болды.

Онкологиялық орталықта осы әдісті қолдану аясын кеңейту үшін онкологтар мен ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы нейрохирургтары қатысқан дөңгелек үстел өтті, онда онкологиялық және нейрохирургиялық аурулары бар пациенттер үшін стереотактикалық радиохирургия мен радиотерапияның артықшылығы талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пациенттерді медициналық қызметтердің осы түрлерін алуға жіберудің аспектілерін қарастырып, ынтымақтаса жұмыс істеуге келісті.

Нейрохирургтер Сәулелік терапия орталығының жұмысымен және сәулелік терапия мен диагностика жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив