ШҚО-да республикалық сейсмикалық жаттығуға дайындық жалғасуда
ШҚО ТЖД
3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Жер-2024" өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пунктері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.
- Облыс орталығында алғаш рет шартты түрде зардап шеккен 1200 адамға арналған шатырлы лагерь құрылды. Жергілікті халық жойқын жер сілкінісі кезінде осында келеді. Шатырлы лагерде тұру үшін қажетті заттардың барлығы бар: тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық аймақтар, тамақтану блогы, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен халыққа шұғыл көмек көрсетуге арналған госпиталь, мобильдік ХҚКО, байланыс орталығы, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да келесі сейсмикалық жаттығулар маусым айының басында өтедіШҚО-да "Жер-2023" командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталдыШҚО құтқарушылары "Жер-2021" халықаралық оқу-жаттығуына қатысып жатырҚыс-2023: ШҚО-да апаттық-құтқару жаттығулары өттіӘскерилер жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелерін үйренді – ШҚО