KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Әскерилер жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелерін үйренді – ШҚО

Фото: gov.kz

30.05.2023, 11:13 230

№27943 әскери бөлімінде әскери қызметшілерге жер сілкінісі кезінде мән беру керек жағдайлар мен іс-қимыл қағидалары үйретілді. ШҚО ТЖД және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері теориялық нұсқау беріп, арнайы жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарын шұғыл пайдалану туралы шеберлік сағатын өткізді. Шара командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде ұйымдастырылды.

Қатысушыларға жойқын жер сілкінісі жағдайында ғимараттар мен құрылыстар аумағын үйіндіден арылту, іздеу жұмысын жүргізу, зардап шеккендерді үйінді астынан шығару және қауіпсіз жерге жеткізу туралы түсіндірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери қызметшілер одан өзге медициналық көмек көрсету әдістерін де меңгерді.

– Әскери қызметшілерді оқыту өте маңызды. Төтенше жағдай жарияланған кезде жеке құрам құтқарушылармен бірлесіп халыққа көмек көрсетуге және оның зардаптарының салдарын жоюға қатысады. Барлық әскери қызметшілер қойылған міндеттерді орындады, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Руслан Орынбеков.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив