Алтай ауданаралық ауруханасында күрделі жөндеу жүріп жатыр
Ауданаралық аурухананың стационарлық бөлімі өткен ғасырдан бері күрделі жөндеу көрмеген.
Стационар ғимараты 1956 жылы салынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Осы жылдар аралығында ғимаратқа тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл күрделі жөндеуді «Альянс XXI» ЖШС кәсіпорыны жүргізіп жатыр. Екінші, үшінші қабаттарды және шатырды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда екінші қабатты демонтаждау жүргізілді. Объектіде 20 адам (дәнекерлеушілер, әрлеушілер, электриктер) жұмыс атқаруда. Жөндеу жұмыстары бекітілген мерзімдерге сәйкес өткізіліп жатыр, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.
Оқи отырыңыз