30 жыл жөндеу көрмеген Алтай ауруханасы жөнделіп жатыр
Алтай аудандық ауруханасында қазір жөндеу жұмсытары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов аудандық емханада болып, онда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
- Жөндеу жұмыстары емхананың жұмысымен қатар жүргізілуде: дәрігерлер науқастарды қабылдауды бір тәулікке тоқтатқан жоқ. Сапар барысында мердігерге ғимараттың жөндеу сапасы мен мерзіміне баса назар аударуды тапсырдым, - дейді аудан әкімі.
Медициналық мекеме ғимаратында 30 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу болмаған.
Айта кетейік, биыл «Парыз» қорынан Алтайдағы денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге қаржы бөлінді.
Оқи отырыңыз