Өскемендегі бірінші қалалық аурухана жөнделеді (видео)
Өскемендегі бірінші қалалық аурухана ғимаратына қатысты жергілікті тұрғындар жиі шағымданады. Әсіресе, мамандандырылған медициналық орталықта жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі үнемі айтылып жүр.
Тұрғындардың шағымына құлақ асқан облыс басшылығы биыл жөндеу жұмыстары басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аурухана бөлімшелерін аралап шыққан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев медицина мекемесінің қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғимарат пен құрал-жабдықтар сол биік талапқа сай болу керектігін ескертті.
Сондай-ақ облыс әкімі өзінің орынбасарына және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарты ай ішінде ұсыныстар дайындап, жоспар құруды тапсырды.
Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайын. Мамандардың айтуынша, бірінші кезекте инженерлік желілер, электр желілері мен желдеткіш жөнделеді.
Фото: Махаббат Ахметжанова