Өскемендегі №1 қалалық аурухана келесі жылы жөнделеді
Ағымдағы жылы облыстың бірқатар медициналық мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, пульмонологиялық орталық ашылатын бұрынғы ЖМЖА ғимаратын атап өткен жөн.
Алайда, облыс орталығының тұрғындарын бірінші қалалық аурухананы жөндеу мәселесі толғандырады. Бұл туралы Өскемен қаласының тұрғыны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Даниал Ахметовтке сұрақ қойды.
Облыс әкімі жергілікті билік бұл мәселені жақсы білетінін атап өтіп, биылғы жылы ағымдағы шараларға 180 миллион теңге бөлінгенін жеткізді.
- Біз 1962 жылы салынған аурухананың ауқымды жөндеуді қажет ететінін жақсы түсінеміз. Сондықтан келесі жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады - деп түйіндеді Даниал Ахметов.