KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денесі Өскеменге жеткізілді (видео)

1.07.2024, 09:30 132 Ержан Әбіш

Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын селден ауыл тұрғындары мен туристер қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өкішіке қарай, қаза тапқандар ішінде шығысқазақстандық балалар да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен сел жерлестеріміздің өмірін қиып кетті. Бұл – өңірдің барлық тұрғындары үшін орны толмас қайғылы жағдай.

Бүгін қаза тапқандардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсетуге арналған жедел штаб құрылып, оған өңірдегі барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңір кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Әкімдік қызметкерлері мен облыс тұрғындары қаза тапқан балалардың туыстарына көңіл айтады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив