KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 5 м/с, СБ
475.18 510.72 5.47

Қырғызстанда сел тасқыны салдарынан қаза тапқандар арасында жерлестеріміз бар

kabar.kg

30.06.2024, 18:00 76 Назерке Каримова

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын болып, Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны жүрді.

Салдарынан жергілікті тұрғындар мен туристер зардап шекті, деп  хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР СІМ ақпаратына сүйеніп.

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеп жатқан болатын. Бүгін Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабы екі баланың денесі табылғанын мәлімдеді.

- Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.  Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізілетін болады, - деп мәлімдеді министрліктегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив