KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

«Агробанк» құру мәселесін арнайы комиссия қарап жатыр

1.07.2024, 18:00 148 Жанаргүл Мұқатай

 «Ауыл» партиясы атынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллин Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен, партия белсенділерімен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті.

Мәжілісмен депутаттардың заңнамалық жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, өткен кезеңнің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Халық қалаулысы жиналғандар назарын «Агробанк туралы» және «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобаларына аударды. 

Қарастырылған екі бағыт ауылдық аумақтарда қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуге уәкілетті мамандандырылған салалық банкті құруды және ішкі агроазық-түлік нарығын қамтамасыз етуді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін және оны түбегейлі өңдейтін отандық өндірушілерді қолдау жолымен тиісті жағдай жасауды көздейді.

Депутат кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады.

Қазақстанда «Агробанк» тақырыбының биік мінберден көтеріліп жүргеніне он жылдан астам уақыт өтті. Агросаланы тиімді несиемен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығын өркендетуге бірден-бір ықпал етеді делініп отырған «Агробанк» құрыла ма, жоқ па?

– «Агробанк» құру жөнінде «Ауыл» фракциясының мүшелері Үкіметке әлденеше рет депутаттық сауал жолдағанын білесіздер. Соның нәтижесінде елімізде «Агробанк» құру бойынша жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта Парламенттің қос палатасының депутаттары, құзіретті органдар өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Комиссия келіп түскен, айтылған ұсыныстарды қарап, қорытынды шығарады. Нәтижесі алдағы бір-екі айда белгілі болады, - деді Аян Зейнуллин.


Фото: Аяужан Утеулинова

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив