KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Қазақстанда Агробанк ашыла ма?

Фото: inbusiness.kz

20.01.2024, 10:00 142

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов «Ауыл» партиясының «Ұлттық банк енді Агробанк құруға қарсы емес» деген мәлімдемесіне түсініктеме берді.

 

Ұлттық банк елімізде Агробанк құру туралы өз пікірін өзгерткен жоқ, банк құру идеясы жеткілікті түрде пысықталмаған. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

 

«Ауыл» партиясы бұған дейін Үкімет пен Ұлттық банк елімізде Агробанк құру идеясына қатысты өз ұстанымын өзгерткенін айтқан болатын.

 

 «Ауыл» партиясының хабарламасында бастапқыда Үкіметте Агробанк құру арқылы агроөнеркәсіп кешені қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттігін жоққа шығарғаны атап өтілді.

 

- Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін банктік кредиттеу бөлігінде ауыл шаруашылығын қаржыландыруды кеңейтудің маңыздылығын назарға ала отырып, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен Агробанк құру мәселесін пысықтауда, - деп жауап берді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин де хабарламада олардың Агробанк құруға қарсы емес екенін атап өтті.

 
- Ұлттық банк Агробанкті ұлттық даму институты ретінде құруға қарсы емес, – деп жауап берді Виталий Тутушкин партияға берген хабарламасында.

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұстанымдарын өзгертпегенін және бұл мәселеге күмәнмен қарайтынын айтты.

- Егер біз депозиттер тартатын және несие беретін толыққанды банк құру туралы айтатын болсақ, ол мүмкін дегенге күмәнді пікірдеміз, өйткені егер бұл тек ауыл шаруашылығын несиелендіретін салалық банк болса, онда ол толыққанды банктің сипаттамасына сәйкес келмейді. Сондықтан банк құру идеясы әлі жеткілікті түрде пысықталмаған сияқты, - деді Ұлттық банк өкілі.

Ол сондай-ақ банктің ұстанымы бастапқыда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау екенін атап өтті.

 
- Сонымен қатар, біздің ұстанымымыз, егер бізге аграршыларды қаржылай қолдау құралдарын жетілдіру қажет болса, біз оны қолдаймыз, – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив