KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Самар ауылында өртеніп жатқан үйден үш бала құтқарылды (видео)

12.07.2024, 17:11 94 Ержан Әбіш

Бүгін Самар ауылындағы Болғанбаев көшесінде орналасқан үйден өрт шықты. Түтінді алғаш байқаған ауыл тұрғынының арқасында үйде ұйықтап жатқан үш бала дер кезінде құтқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Самар ауылының тұрғыны Марат Нұрғалиев көшеде келе жатып, жер үйдің шатырынан түтін шығып жатқанын байқайды. Ол дереу әлгі үйге қарай жүгіріп, есігін қаға бастайды. Үйде үш бала ұйықтап жатқан. 2013 жылғы ұл бала есіктің қатты қағылғанынан оянып, жанып жатқан үйден өздігінен шығып үлгереді. Бірақ оның апайы мен қарындасы үйде қалған болатын. Осы сәтте аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Данияр Бәкірғалов пен №32 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Садық Айбек келіп, 2011 жылғы және 2021 жылғы екі қызды терезе арқылы алып шығады.

Балалар зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖБ мамандары 80 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

 

Фото және видео: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив