KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 7 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Риддердегі көпқабатты үйден өрт шықты – ШҚО

Фото: gov.kz

15.05.2023, 11:16 348

Риддер қаласындағы Абай көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт шыққан. 3-қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан түтінді байқаған тұрғындар өрт сөндірушілерге хабарлаған көрінеді.

Оқиға орнына жеткен мамандар жай-күйді анықтап, жиһаздар мен өзге заттардың жанып жатқанын байқаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Өрт кезінде пәтерде адам болмаған. Түтін басқан подъезден 7 тұрғын өз бетінше шығып үлгерген, оның ішінде 1 бала бар.  

Өртті сөндіруге 9 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Болжам бойынша, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау өрттің тұтануына себеп болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив