KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Өскеменде жеке сектордағы үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды

Фото: gov.kz

9.11.2023, 11:32 226

8 қарашада Өскеменде жеке сектордағы үйлердің бірінен өрт шықты. Көрші үйде тұратын Андрей Смольников өрт сөндірушілер жеткенше үйден әйел адам мен екі баланы құтқарған. Бір бала екі жарыс жаста болса, бірі бір жастан енді асқан екен.

Өрт сөндірушілер 154 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндіріп, үйден газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 қызметкері және 4 техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД-ның болжамы бойынша, өрттің шығуына электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын орындамау себеп болуы мүмкін.

Үш адамды құтқарып қалған Андрей Смольников "Қамқор-Вагон" кәсіпорнының депосында жұмыс істейді.

Өрт шыққан жағдайда «101» немесе «112» нөміріне арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив