KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Халықтың денсаулығы үшін зейнет жасында еңбек еткендер марапатқа лайық – ШҚО әкімі

Фото: Нелли Петенева

25.07.2024, 13:00 110 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласы бойынша 152 маман жетіспейді.

Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Медициналық кадрлардың ең үлкен тапшылығы Өскемен қаласында – 49, Алтай ауданында – 44, Шемонаиха ауданында  –  10, Риддер қаласында – 10. 

- Ауылдық жерлерде зейнет жасына келсе де жұмыс істеп отырған мамандар бар. Себебі ауылдық жерлерде ақ халаттылар жетпейді. Халықтың денсаулығы үшін зейнет жасына қарамастан еңбек етіп жүрген жандар марапатқа лайық. Аудан әкімдері оны ескеруі керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Айта кету керек, 2023-2024 жылдарға арналған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша 36 медициналық мекеме, атап айтқанда 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 27 медициналық пункт салу көзделген.

- 2023 жылы 17 медициналық пункт салынды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Глубокое ауданының Прапорщиково кентінде ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді және жыл соңына дейін тағы 18 нысанды аяқтау жоспарланып отыр, - деді облыстық әкімдіктің отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу