KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Тарбағатай ауданындағы 3 ауылда медициналық пункт ашылды

30.11.2023, 18:10 177 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданына қарасты 3 ауылда заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді.

Шорға, Қазақстан ауылдарында жаңа фельдшерлік- акушерлік пункт салынса, Тәуке ауылында тозығы жеткен медициналық нысан күрделі жөнедеуден өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған аулдарда дәрігерлік амбулаторияның ашылуын халық көптен күткен рас.  Себебі бұған дейін мұнда медицина мекемесі болмаған.

- "Ауылдық медицинаны қайта жаңғырту" ұлттық жобасы аясында ауылдарында жаңа фельдшерлік- акушерлік пункт салынды. Биыл ауданымыздағы 6 ауылда осындай заманауи жаңа медпункт бой көтерді. Сондай-ақ биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Құйған және Тәуке ауылдарының медициналық ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімі Дархан Шомпайұлы.

Алдағы жылы Асусай, Жамбыл және Байтоғас ауылдарына да осындай фельдшерлік-акушерлік пунктер салу жоспарланып отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу