Екі жылда 36 медициналық нысан ашылады - ШҚО
ШҚО-да «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде ауылдық жерлерде медициналық пункт ашылады.
Биыл Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде, сондай-ақ Зайсан қаласында емханалар, Өскемен қаласының Ахмер ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 2023-2024 жылдар аралығында обылста 36 жаңа медициналық нысан ашылады. Атап айтсақ, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт,-деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.
Сонымен қатар, аймақта алдағы уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында жыл сайын кемінде 50 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру жоспарланған. 2023 жылы Израиль, Латвия және Ресей клиникаларына 23 маман оқуға жіберілмек.
Оқи отырыңыз