KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Жылу электр орталықтарының дайындығы 75,4%-ға жетті – ШҚО

23.08.2024, 15:53 94 Ержан Әбіш

Облыста жылыту маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Қазір жылу электр орталықтарының дайындығы 75,4%-ға жеткен. Су электр станцияларында жөндеу жұмыстары 74,7%-ға орындалып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 444 км электр желілерінде, 30 қосалқы станцияда, 53 трансформаторлық қосалқы станцияда күрделі жөндеу аяқталды. 33 орталықтандырылған қазандықтың дайындығы – 67%. Бюджеттік ұйымдардағы 176 дербес қазандықтың 148-і (84%) дайындалды.
3023 көпқабатты тұрғын үйдің 2081-інде (69%) қысқы кезеңге дайындық актілері ресімделді. Үйлерді дайындаудың төмен көрсеткіші Алтай, Үлкен Нарын аудандарында, Риддер қаласында байқалады, – деді облыс әкімдігінің мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Бюджеттік ұйымдардың дайындығы – 85%, оның ішінде денсаулық сақтау нысандары – 86%, білім беру нысандары – 86%, әлеуметтік қорғау нысандары – 83%.
Жалпы, ағымдағы жөндеу науқанына және инфрақұрылымды жаңғыртуға көзделген қаражаттың жалпы көлемі 24,1 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1 млрд теңгеге артық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив