ШҚО-дағы жылу орталықтары қыс мезгіліне дайын ба?
ШҚО-дағы жылу электр орталықтарында қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы жылыту маусымына ШҚО-дағы жылу көздерінің 94 пайызға жуығы дайын.
Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясы барысында ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Риддер ЖЭО-да екі орта қысымды қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр. Қаланың әлеуметтік нысандарына жылу беріліп, халық ыстық сумен қамтамасыз етілген. Үш жоғары қысымды қазандық қондырғыларында жөндеу жұмыстары 15 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Нұрлан Рамазанов қазір ЖЭО-ның коммуналдық меншікке беру процесі жүріп жатқанын атап өтті.