Өскеменде автобус карталарын беретін тағы бір орын ашылды
Өскемен қаласының әкімдігі
Қалада көлік карталарын дайындау, толықтыру және сату бойынша қосымша халыққа қызмет көрсету пункті ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығы хабарлағандай, жаңа қызмет көрсету пункті Қазақстан, 154 мекенжайында орналасқан. Мұнда оқушының көлік картасын, сондай-ақ зейнеткердің жеңілдік картасын жасауға немесе ауыстыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай қызмет көрсету пунктілері қалада Жібек жолы, 3 мекенжайында да бар екенін еске саламыз.
Оқи отырыңыз