Бұқтырма су қоймасының үстінен салынған көпір құрылысы аяқталуға жақын
instagram/berikuali
Мемлекет басшысы осыдан тура 5 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне твиттер арқылы Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырған болатын.
Екі облыстың, 6 ауданның арасын жалғайтын стратегиялық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Бұл көпір жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш, сүйіншілейтін үлкен жаңалық болайын деп тұр. Өйткені Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының Марқакөл, Күршім, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының тұрғындары 50 жыл бойы жол азабын тартты. Жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүрді. Талай адамның суға кеткені де жасырын емес. Сондықтан бұл көпірді салудың маңызы жоғары еді, - деп жазды Берік Уәли. - Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өткізе алады. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған.
Оқи отырыңыз