Күршімге көпір салынатын болды
Күршімге көпір салынатын болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Egemen Qazaqstan» газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын» – деп жазды Президент өзінің парақшасында.
Күршімдегі паром мәселесі бұрыннан бері қозғалып, шешімін таппай келе жатқаны белгілі. Жуықта бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыстағы меншікті тілшісі Азамат Қасым мақала жазған болатын.