KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

Еліміздегі ең ұзын өткел – Бұқтырма көпірі түйісті

6.08.2024, 17:26 382 ALTAINEWS

Еліміздегі ең ұзын өткел – Бұқтырма көпірімен қатынайтын күн де алыс емес. Бүгін қос жағалауда қатар басталған көпір құрылысы түйісті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Елу жыл бойы Марқакөл, Күршім, Көкпекті және Қатонқарағай аудандары арасындағы көлік қатынасы жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүзеге асып келді. 2019 жылы ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаны – автокөпір өткелін салу міндеті қойылған болатын. Аталған жұмыс Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы басталды.

Көпір құрылысы жобасын іске асыру шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Екі жолақты автокөлік көпірі Қазақстандағы су үстіне салынған ең ұзын құрылыс болады. Оның ұзындығы – 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив