ШҚО-да шаруашылық құрылысындағы өрт сөндірілді
Фото: ШҚО ТЖД
Самар ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылысы өртеніп, тұрғын үйдің шатыры да жанып кетті,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын - ала себебі - электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, атап айтқанда - электр сымдарының қысқа тұйықталуы»,-деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД тұрғындардан қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, өрт қаупін төндіретін ақауларды жоюды сұрайды.
Оқи отырыңыз