KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.02 608.79 6.57

ШҚО-да пәтер өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

фото: depositphotos.com

28.08.2024, 12:04 309 Айжанат Бақытқызы

Облыс орталығында он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшон) көмегімен түтінденген аймақтан 35 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде жеті бала бар.

«Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу