KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Өскемен – Риддер жолы: ақауларды мердігер ұйым жөндеп жатыр

Фото: ridder.city қауымдастығындағы видеодан скриншот
Фото: ridder.city қауымдастығындағы видеодан скриншот
26.09.2024, 15:30 151 Ержан Әбіш

Биыл Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы автожолы күрделі жөнделе басталды. Жалпы ұзындығы 105 шақырым жолды үш мердігер ұйым жөндеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алайда, жақында облыс тұрғындары жаңа асфальтта ойықтардың пайда болғанына шағымдана бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары жолдың қауіпті бөліктері туралы ескертіп, бейнежазбалармен бөлісуде.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл ­құрылыс ақауы емес, ақауларды жоюға бағытталған жоспарлы жұмыс.

– Бұл учаскеде «Kurylys Group RK» ЖШС мердігер ұйымы жұмыс істеуде. Олар асфальтбетон жабындысын фрезерлеу арқылы жарықшақтарды жөндеп жатыр. Жоба бойынша бұл учаскеге 140 мың шаршы метр асфальт төсеу қарастырылған. Ақаулар 310 шаршы метр аумақта пайда болды. Бүгін кешке дейін барлық ақаулар жөнделеді, – деп мәлімдеді Нұрбек Темірханов.

Ол сондай-ақ барлық жұмыстар жобаға сәйкес және мамандардың қатаң бақылауымен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу