KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Өскемен – Риддер жолы: жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады

29.08.2024, 17:54 136 Ержан Әбіш

Биыл Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы автожолы жөнделе бастады. «Қазавтожол» АҚ ШҚОФ хабарлағандай, облыс орталығынан моноқалаға дейінгі 105 км жол орташа жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Жұмыстардың жалпы құны 11 млрд теңгеден асады, оның 3 млрд теңгесі биыл 30 км учаскеге бөлінген, – деді «Қазавтожол» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары Нұрлан Әзімбаев.

Жобаға үш мердігер ұйым қатысады. Жүріс бөлігінің негізін нығайту үшін барлық учаскелерде қалыңдығы 25 см-ге дейінгі жол жабындысын төсеу қарастырылған.

Нұрлан Әзімбаевтың айтуынша, жоба аясында 11 шақырым жол төсемін екі қабатты асфальтпен төсеу, жол жиегін қиыршық таспен нығайту және жол белгілерін салу жоспарланған.

– Ағымдағы жылы 0-10 км және 10-30 км учаскелерінде жұмыстар аяқталады. 30-70 және 70-105 км учаскелерінде жұмыстар басталды, – деді «Қазавтожол»АҚ ШҚОФ өкілі.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады.

Фото: Екатерина Скударнова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу