KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
492.22 529.38 5.03

ШҚО-да ерікті жол құрылысының жайын тексерді

Фото: egemen.kz

24.08.2023, 19:30 355

«Әділдік жолы» қоғамдық ұйымының мүшесі Әділ Пшенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының аясында «Өскемен-Алматы» тасжолының Жібек Жолы көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлігінде істелген жұмыстарға қоғамдық мониторинг жүргізді.

Жолдың осы бөлігі – қаладағы маңызды учаскенің бірі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің дерегінше, биыл мамыр айында мердігер аталған учаскедегі асфальт төсеу жұмыстарын 1 шілдеге дейін бітіруге уәде берген көрінеді. Алайда жүргізушілер жолдың сапасына наразылық білдірген.

– Автомобиль жолының осы учаскесін реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмысын "Kurylys Group RK" ЖШС мердігерлік ұйымы орындап жатыр, сонымен қатар нысанда авторлық және техникалық қадағалау жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны – 6,9 млрд теңге. Қайта жаңартылатын жол учаскесінің ұзындығы – 5,3 км. Мердігердің айтуынша, қайта жаңартудан кейін жол 4 жолақты, жолдың ені – 16 м, тротуар бөлігінің ені – 3 м болады, – деп жазылған департамент хабарламасында.

Мердігер қолданысқа тапсыру мерзімін шегерудің себебі ретінде шілде айында битумның жетіспеушілігі туындауын және бағаның өсуін атаған.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жол құрылысы келесі жылы толық аяқталады.

                

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив