Бұқтырма көпірі: қазан айында көліктер қатынай бастайды
Қос жағалаудағы Бұқтырма көпірінің құрылысы түйісті. Бүгінде барлық тіректері тұрғызылып, аралық құрылыстардың 20 металл конструкция орнатылды, деп хабарлайды Aitainews.kz тілшісі.
– Сонымен қатар мамандар бетон мен гидрооқшаулағыштан тұратын қорғаныс қабатын төсеп жатыр. Шамамен, қазан айында көліктер қатынай бастайды. Ал көпір ресми түрде жыл соңында ашылады, – деді «Қазавтожол «ҰК» АҚ ШҚОФ басшысы Нұрбек Темірханов.
Екі жолақты автокөлік көпірі Қазақстандағы су үстіне салынған ең ұзын құрылыс болады. Оның ұзындығы – 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған.
Оқи отырыңыз