KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Алтайлық оқушылар әскерилермен кездесті

Бүгін, 13:30 25 Ержан Әбіш

Алтай қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп оқушылары ШҚО қорғаныс істері басқармасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

– Бүгінгі таңда жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеу қаншалық маңызды екенін көріп отырмыз. С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп оқушылар бойында нағыз еркектік қасиеттерді: тәртіпті, жауапкершілікті, командада жұмыс істей білуді қалыптастыра отырып, әскери қызметке баулуда. Бұл оқушылар – еліміздің болашақ қорғаушылары, оларды осы жолда қазірден қолдауымыз керек, – дейді Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, полковник Нұрлан Махамбетов.

Кездесу барысында қорғаныс істері өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті, ал оқушылар отанқорғаушы мамандығына қызығушылық танытты. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа Отанға қызмет етудің парыз екенін түсіндіруге, сондай-ақ оларды Қарулы күштер қатарындағы қызметке дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, С. Нұрмағамбетов атындағы мектепте патриотизм мен әскери қызметке құрмет көрсетуге 1 сыныптан бастап ерекше көңіл бөлінеді. Ал 5-сыныптан бастап «Жас сарбаз» әскери сыныптары жұмыс істейді. Мұнда оқушылар алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Мектеп оқушылары облыстық деңгейдегі әскери, саптық жарыстарда үнемі жоғары нәтижелер көрсетеді.

 Ажар Мұратқызы

Фото: Асхат Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив