ШҚО-да әскерилер мектеп оқушыларына ерлік сабағын өткізді
ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Өскемен гарнизонының әскери прокуроры мектеп оқушыларына ерлік сабағын өткізді.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ұлттық рухты бойына сіңіру, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемендегі №38 және №49 мектеп оқушыларына ерлік сабағы өткізіліп, әскери өмірдің қыр-сырын түсіндірілді. Отан алдындағы борышын өтеу ел азаматының міндеті екені айтылды.
Сабақ барысында ҚР Қарулы Күштерінің жетістіктері туралы баяндалып, оқушыларды рухтандыратын сөздер айтылды. Шараны ұйымдастырушылар бабалардың ерліктері өскелең ұрпаққа мәңгі үлгі болып қала беретінін жеткізді.
Жиында болашақ мамандығын әскери қызметпен байланыстырғысы келетіндер де болды. Оқушылар қадірлі меймандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара соңында жас патриоттар шараға қатысушы әскери қызметшілерге алғыстарын білдірді.