KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

Бүгін Өскеменде халықаралық шахмат турнирі басталады

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 11:00 1 Ержан Әбіш

2-10 қазан аралығында Өскеменде алғаш рет «Oskemen Open 2024» халықаралық шахмат турнирі өтеді. 2024 жылғы Қазақстан Кубогының екінші кезеңі болып саналатын турнирге отандық және шетелдік атақты гроссмейстерлер келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнир екі жарыстан тұрады:

  • «Masters» турнирі ­– 16 елден 1900-ден төмен емес рейтингке ие 139 қатысушы бақ сынайды. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 10 турдан тұрады, классикалық уақыт бақылауы: «90+30» (әр қатысушыға партияға 90 минут және әрбір жүріс үшін 30 секунд қосылады), гроссмейстерлік норма кепілді түрде қарастырылған.
  • «Open» (75 қатысушы, рейтингі 2100-ден төмен) – швейцариялық жүйе бойынша 10 тур, классикалық уақыт бақылауы: «90+30».

«Masters» турнирінде 20 гроссмейстер мен 32 халықаралық шебер қатысады, оның ішінде армениялық Мануэль Петросян (2631) мен өткен жылғы жеңімпаз Арам Акопян (2617), Сюй Сянюй (2621) мен Бай Цзиньши (2549) атты қытай гроссмейстерлері, ирандық Бардия Данешвар (2698), өзбекстандық Джахонгир Вахидов (2571) пен үндістандық С. Сетураман (2570).

Сондай-ақ Мажарстан астанасы Будапеште өткен 45-ші шахмат олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткен Қазақстан ерлер құрамасының бес ойыншысы қатысады: Денис Махнёв (2551), Қазыбек Нөгербек (2519), Рамазан Жәлмұханов (2497), Әлішер Сүлейменов (2484), Алдияр Ансат (2457).

Ерлермен бірге Masters турнирінде Олимпиаданың күміс жүлдегерлері – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері Ксения Балабаева (2335) мен Амина Қайырбекова (2243) да ойнайды.  

«Masters» турнирінің жалпы жүлде қоры – 24 млн теңге, оның ішінде жеңімпазға 5 млн теңге, 15-ші орын алғанға – 400 мың теңге, әйелдер арасындағы үздік нәтиже үшін  – 1 млн теңге қарастырылған.

«Open» турнирінің жүлде қоры – 4,5 млн теңге: 1-ші орынға – 1 млн теңге, әйелдер мен ардагерлер арасындағы үздік нәтижеге (1964 ж.т. және одан үлкен) – 200 мың, 10 және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы үздік нәтижеге – 150 мың теңге.

Мекенжайы: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Серікбаев көшесі, 19.

Турнирдің ашылу рәсімі 2 қазанда 15:30-да басталады, одан кейін екі турнирдің 1-ші туры өтеді. Келесі 9 тур 3-10 қазан аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив