KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Өскеменде теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

Фото: Казцинк

1.07.2024, 16:05 107 ALTAINEWS

Облыс орталығында Kazzinc open M15 Ust-Kamenogorsk халықаралық турнирі өтіп жатыр. 

Оған алыс-жақын шетелдерден барлығы 64 спортшы қатысуда. Турнирдің бас демеушісі – «Казцинк» компаниясы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кеше турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталды. Ерлер арасында өткен жарыста бірінші орынды - Петр Бар-Бирюков (Ресей) еншілесе, Беларусь елінің спортшысы Мартин Борисюк  екінші орынды қанағат тұтты. 
Kazzinc open M15 Ust-Kamenogorsk халықаралық турнирі биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Жалпы компания халықаралық турнирлерді он жылдан бері ұйымдастырып жүр. 

– Біз алыс және жақын шетелден келген 64 спортшыны қуана қарсы алдық. Қазақстан спорт саласына ерекше көңіл бөледі және «Казцинк» компаниясы бұл шарадан ешқашан тыс қалмайды. Турнирдің жылдан-жылға танымал болып, қатысушылардың саны артып келе жатқаны бізді қуантады. Жарыстың қатысушылары біздің қабылдауымызға риза деп сенеміз, - деді «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. 

Турнирдің директоры Дархан Жанмұхамбетовтің айтуынша,  Өскеменде өтіп жатқан жарыстарда Үндістан, Жапония, Өзбекстанның  және еліміздің теннисшілері бақ сынасуда.

  - Өскеменде екі турнир өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 30 мың доллар болатын бұл жарыстардың басты демеушісі  - «Kазцинк» компаниясы. Турнир Қазақстан Республикасы теннис федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Матчтардың барлығы өте тартысты өтуде. Кеше жұптық жарыста Жапонияның спортшылары жеңіске жетті. Алда тамыз айында әйелдер арасында турнир өткізу жоспарланған, - деді Дархан Жанмұхамбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив